Стенд атудан Александр Ещенко финалға бір қадам қалғанда тоқтады. Ол 125 мүмкіндіктен 123 ұпай жинады. Нәтижесінде, Ещенко жетінші орынға ие болды. Әйелдер арасында Әсем Орынбай 120 рет нысананы дәл көздеп, 14-орынды иеленді. Ерлердің командалық сайысында Қазақстан командасы бесінші орынға ие болды (375-тен 362 нысана). Әйелдер құрамасы оныншы нәтиже көрсетті (375-тен 346 нысана).
Аралас командалар арасындағы жарыста Зоя Кравченко мен Давид Почивалов 150-ден 143 нысананы, ал Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко 150-ден 142 нысананы жапты.