Футзалдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамына жақында ғана спорттан кететінін мәлімдеген танымал қазақстандық ойыншы Дәурен Нұрғожин қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ұлттық құраманың және алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Дәурен Нұрғожин бас бапкер, бразилиялық маман Рикардо Каканың көмекшісі болады», деп хабарлады Қазақстан футзал қауымдастығының баспасөз қызметі.
Дәурен Нұрғожин қарағандылық «Тұлпардың» намысын қорғап, кейін Қазақстан құрамасының сапында алматылық «Қайратқа» ауысқан еді.