• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 27 Тамыз, 2023

Әлеуметтік және еңбек мәселелері жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті

214 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары, республикалық кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

Отырыста еңбек қатынастарын реттеу бойынша жұмыс барысы, оның ішінде жалақы берешегі, еңбек жанжалдары және тағы басқа да мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар қаралды.

Сонымен қатар күн тәртібінде әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялардың жұмысы, ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесін заңнамалық бекіту бойынша жүргізілетін жұмыс, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері, оның ішінде «Лайықты еңбек» бағдарламасын қайта бастау ісі қаралды.

Қорытындылай келе, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізуді ұйымдастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар және жыл сайынғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңін өткізу қорытындылары талқыланды.

 

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге еңбек алдын алу және шешу, әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі өзара іс-қимылға, халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы пысықтауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмысты күшейту және тиісінше орындау, ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін заңнамалық тұрғыдан бекіту шараларын қабылдау және «Еңбек күнін» мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде бірқатар тапсырма берді.