• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Тамыз, 2023

Жетісу облысында шенеунік әр жүк көлігінен 50 мың теңгеден алып отырған

589 рет
көрсетілді

Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикордың мәліметінше, шенеунік  өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып келген. Ай сайынғы сыйақы сомасы 1 автокөлік үшін 50 000 теңге болған.«Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.