• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 30 Тамыз, 2023

Президент қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

262 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Құрметті отандастар!

Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Ата Заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын бас­ты құжатымыз.

Жалпыұлттық референдум арқылы жаңар­тылған Конституциямыз ұлтты ұйыстырудың нағыз символына айналды. Сондай-ақ негізгі заңы­мыз елдің сая­си жүйесін демократияландыру­ды, заң үстемдігін қам­тамасыз етуді және халық­тың әл-ауқатын арт­ты­руды көздейтін ауқым­ды өзгерістердің берік тұғыры саналады. Консти­туциялық соттың құ­рылуы – осындай инсти­ту­цио­налды реформаның бірі. Бұл құрылым аза­мат­тардың құқықтары мен бос­тан­дықтары қорғалатынына әрдайым кепілдік бере­тін Ата Заңымыздың рөлін мейлінше арттырды.

Жалпыға бірдей жол ашатын Әділетті Қазақ­станды құру үшін Конституция қағидалары қатаң сақталып қана қоймай, қоғамның сана-сезіміне біржола орнығуға тиіс. «Адал азамат» деген атқа лайық әрбір адам Ата Заңның биік мұраттарын қолдайтынына және оны өмірлік ұстанымына айналдыратынына нық сенімдімін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!