• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Алматы 01 Қыркүйек, 2023

Жүз мың оқушы тегін тамақтанады

254 рет
көрсетілді

Алматы мектептерінде бастауыш сынып оқушылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 20,4 млрд теңге қарастырылып, 133 мыңнан астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде тағам қауіпсіз­дігін күшейту әрі балаларға құнарлы тамақ беруді мақсат еткен Алматы әкімдігі Қазақ тағамтану академиясы және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп «Оқу­шылардың денсаулығын бас­қару» мектеп тағамдарының жаңа моделінің қанатқақты жобасын әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ қала басшылығы балалардың қауіпсіздігін де назарда ұстап отыр. Осы орайда 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада осы жылдың соңына дейін қауіпсіздік жүйесін іске қоспақшы. Бұл бағыттағы жұмыстар жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын үш жылдық сервистік модель аясында қаржыландырылады.

Балалар қауіпсіздігін қам­­тамасыз етуде мектеп көлік­терінің жұмысын үйлестіру де аса маңызды. Биылғы оқу жылында «Мектеп автобусы» жобасын іске асыру үшін 100 автобус сатып алы­нып, оған жергілікті бюджет­тен 5,2 млрд теңге қа­рас­ты­рылған. Балаларды тасымал­дау қызметіне 1,4 млрд теңге бө­лініп отыр. Жоба аясында 7,7 мыңнан астам баланы қамту жос­парланған. Келесі жылы та­ғы да 11 мектеп 50 автобус­пен қамтамасыз етілетін болады.

 

АЛМАТЫ