• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Банк 01 Қыркүйек, 2023

Қазақстанда үш шетелдік банктің филиалдары ашылады

212 рет
көрсетілді

 Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент банк секторындағы негізгі мәселелердің бірі жоғары шоғырлану екенін атап өтті.

«Қазір елімізде 21 банк бар. Бұл ретте корпоративтік несиелеумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен санаулы ғана ірі банктер айналысады. Сондықтан осы саладағы бәсекелестікті арттыру мақсатында шетелдік сенімді үш банкті елге тарту керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер «несиелік шаңсорғыш» ретінде әрекет етпей, экономиканы нақты әртараптандыруды қамтамасыз ететін жоғары сапалы жобаларды ұсыну қажет екені айтылды.