• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Қыркүйек, 2023

Күздің алғашқы демалысында ауа райы қандай болады?

226 рет
көрсетілді

Қазақстан синоптиктері 2023 жылдың 2-4 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, ауқымды және белсенді емес циклон Қазақстанда әлі де сақталады. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде бұлтты, жауын-шашынды және суық ауа райы сақталады. 

«Елдің солтүстігінде, шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, Жетісу, Алматы облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр мен көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл аймақтарда ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 13-20, таулы аймақтарда түнде 0-5 жылы болады», деді синоптиктер.

Тек Қазақстанның батысында ғана ауа райы салыстырмалы түрде қолайлы болып, жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.