Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:
Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымынан; Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан; Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан; Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан; Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан; Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан; Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан; Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.Сондай-ақ:
Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан; Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан; Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан; Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.