• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қыркүйек, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бес жаңа көмекшісі тағайындалады

279 рет
көрсетілді

Бүгін, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, Мемлекет басшысының бес жаңа көмекшісі тағайындалады. Жарлықта олардың лауазымдары белгіленді:

ішкі саясат және коммуникациялар бойынша; экономикалық мәселелер бойынша; халықаралық мәселелер бойынша; құқықтық мәселелер бойынша; ғылым және инновация туралы.

Бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары қызметтерінен босатылған еді. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқартылды.