• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Пікір 01 Қыркүйек, 2023

Ерлан Қарин: Жолдауда ел экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді

302 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген өзекті әрі маңызды тұстары жайлы пікір білдіріп, Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы дұрыс бағытта белгіленгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы Жолдаудың мәні мен мазмұны Президент реформаларының логикасына толықтай сәйкес келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономика, саясат және идеология салаларын бір-бірінен бөлмей реформалауға негізделген стратегиялық бағытты жүйелі түрде іске асырып келеді», деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында.

Оның айтуынша, Президент ортаға салған бастамалар атқарушы билік жүйесіне елеулі әрі мәнді өзгеріс енгізуге мүмкіндік береді.

«Жолдауда Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді. Бұдан бөлек Президент бастамалары экономиканың бірқатар саласының жаңа ережелерін ұсынып отыр. Соның арқасында атқарушы билік жүйесі, орталық пен өңірлер арасындағы қарым-қатынас өзгереді, салықтық ынталандырудың, нормативтік-құқықтық реттеудің, инвесторлармен өзара іс-қимылдың жаңа шаралары енеді. Жаңа Жолдау экономикалық мәселелерді шешуге бағытталса да, онда әлеуметтік сипаттағы маңызды бастамалар бар. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, жұмыспен қамту, балалар қауіпсіздігі, білім алудағы теңдік және т.б», деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин атап өткендей, Мемлекет басшысының қоғамда қызу талқыланып жатқан АЭС салуға қатысты мәселені республикалық референдумға шығару туралы ұсынысына ерекше назар аудару қажет. Себебі бұл Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Әділетті Қазақстан» принциптерін берік ұстанып отырғанын көрсетеді.

«Жалпы, бүгінгі Жолдауда көптеген бағыттарды қамтитын және әлеуметтік-экономикалық реформалардың бірыңғай жүйесін құрайтын жүзден астам түрлі идеялар мен ұсыныстар айтылды», деп ойын қорытындылады Ерлан Қарин.