• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Қыркүйек, 2023

Мүмкіндікті сәтті пайдалансақ

226 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында еліміздегі халықаралық дәліздерге, республикалық маңызы бар темір жолдар мен автожолдарға айрықша назар аударды. Ұлан-байтақ даламыз батыс пен шығыстың, оңтүстік пен солтүстіктің арасында тең орналасқаны туралы, соны тиімді пайдалану үшін креативті көзқарас керектігін Президент бұған дейін де айтып келді.

«Қазақстан Еуразия құр­лығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика са­ла­сындағы ірі мемлекетке ай­налуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – бұл стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үле­сі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс», деді осы жолы Мем­лекет басшысы.

Расында қазіргі геосая­си жағдай мен тарихи туындаған мүм­кіндікті Үкіметіміз сәтті пайдалана білсе, Қазақ­стан көлік-логистика держава­сына айналуына мол мүм­кіндігі бар. Оған күмәніміз бол­мауға тиіс. Мысалы, Пре­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қы­тайға мемлекеттік сапары аясында Сиань құрғақ портында отандық логис­тикалық орталық құ­ры­лысының онлайн іске қосу рәсіміне қатысқаны белгілі. Сонда сөйлеген сө­зінде құрлықтағы көлік дә­ліздерін дамыту мәселесін де қозғады. Қытай Батыс Еу­ра­зияның ауқымды нарық­та­рына Қазақстан аумағы ар­қылы шыға алатынына ин­вес­торлардың да назарын аудар­ды.

«Мұндай тасымал жолы өте ұтымды екені сөзсіз. Біз Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логис­тика орталығын салуға баса мән беріп отырмыз. Орталық Азияға, Еуропаға, Түркия мен Иранға контейнер пойыздарын тікелей жөнелту ісінде осы орталық негізгі хаб болады.  Біз Қытайға қарай «Аягөз – Бақты» теміржолын іске қосуды жос­парлап отырмыз. «Достық – Мо­йынты» арасындағы темір жолға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонда теміржол ар­қылы жыл сайын 20 миллион тоннаға дейін жүк та­сы­малдауға мүм­кіндік туады. Еуропа мен Азия арасындағы транзитті жандандыру үшін Транскаспий бағдарын дамыту маңызды деп санаймын. Бұл бағыттың болашағы зор», деген еді Пре­зидент.

Осынау халықаралық ма­ңызы бар ауқымды жұмыс­тарды ойдағыдай іске асыру үшінде Көлік министрлігін қайта құруды ұсынды. Енді атқарушы билік осы бағыт­тағы істің көзін тапса, үкіленген үміт толық ақта­лады деп ойлаймын.

 

Бахадыр ҚАРСЫБЕКҰЛЫ,

кәсіпкер