• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қыркүйек, 2023

Қол күрестен ел қоржынына 136 медаль түсті

848 рет
көрсетілді

24 тамыз - 3 қыркүйек аралығында Sport Qory қолдауымен Алматыда қол күресінен ересектер, жастар, жасөспірімдер, ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.

Чемпионатқа әлемнің 52 елінен 1000-нан астам спортшы қатысты. Ел намысын 256 спортшы қорғады. Шара аясында 30-31 тамыз аралығында өткен дене мүмкіндігі шектеулілер арасындағы қол күрестен Қазақстан намысын 144 спортшы қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына 136 медаль түсті. Қазақстан құрамасы 35 «алтын», 63 «күміс», және 38 «қола» медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.