Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өткен «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиынына қатысып, далалық әскери лагерьде дайындық өткізіп жатқан сарбаздармен тілдесіп, жағдайын сұрады.
«Астанадан оқу-жаттығу жиынын бақылау үшін арнайы келдім. Елге, Отанға қызмет етуден артқан қызмет жоқ», деді Мемлекет басшысы.
Жауынгерлер де Президентпен дастархан басында емін-еркін әңгімелесті.
«Мен қашанда жастарды қолдап, қуаттап жүремін, еліміздің болашағы жастардың қолында», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.