• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ғылым 06 Қыркүйек, 2023

Сүт өндірудің тың технологиясы

389 рет
көрсетілді

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу универси­тетінің ғалым­дары бидай, сұлы, арпа, күріш, амарант дақылдарының негізінде сүт алмас­тырғыштарды өндіру бойынша зерттеулер жүргізіп, тың технологиялар әзірледі.

«Өсімдік шикізаты негізінде сиыр сүтінің алмастырғыштары өн­дірісін құру» жобасын Ғы­лым қоры арқылы өндіріске енгізу және коммерцияландыру қолға алын­­­ды. Коммерцияландыру жоба­сы аясында өсімдік шикізатынан сүт алмастырғыштарды шығаратын құ­­­рал-жабдық сатып алу, жаңа өн­ді­­ріс­ті ұйымдастыру, әзірленген технологияларды өндіріске енгізу жұ­­мыстары жүзеге асырылып жатыр.

– Жаңа өнімдердің нарықтағы артықшылығы көп. Айталық, им­порт­тық өнімдерді алмастырады. Сондай-ақ биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып жоғары сапаға қол жеткізуге, қосымша микро­­элементтермен байытуға мүм­кіндік береді. Дайын өнімнің құ­рамын және сұранысқа байла­нысты нысаналы мақсатын реттеу мүмкін­дігі пайда болады. Ал­лергиямен ауыратындар мен орталық жүйке жүйесінің сырқаты бар адамдар үшін қауіпсіз, консерванттары жоқ, дәрумендермен байытылған өнім алынады. Оның үстіне қазір университет еліміздегі жалғыз өндіруші саналады. Алдын ала есептеулер бойынша жаңа өнімнің өзіндік құны нарықтағы импорттық аналогтерден екі-үш есе төмен. Сонымен қатар өнімнің экспорттық әлеуеті бар: 100 тонна өнім жеткізу үшін Қытайдағы «Shaanxi Xingkailong Trading Co» ЖШС-мен алдын ала келісім жасалды, – дейді биология ғылымдарының кандидаты, жоба жетекшісі Гүлназым Оспанқұлова.

Ғалымның айтуынша, қазір сүт өнімдерінің ішіндегі ең көп тұтыны­латыны – бадам, сұлы және соя­дан алынған сүт өнімдері. Елі­мізде өсім­дік шикізатынан алынатын сүт нарығы қарқынды өсіп келеді. Импорттық өсімдік сүтін сатып алу 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 50 пайызға өскен. Лактозаға төзбеушілігі бар тұты­ну­шылар күннен-күнге көбейіп, дәмдік талғамдар өзгеріп жатыр. Сондықтан өсімдік негізіндегі сүт өнімдеріне сұраныс артып келеді. Бұған қоса, өсімдік сүті лактозасыз йогурт пен балмұздақ өндірісінің шикізаты бола алады әрі құрғақ түрінде ботқаға қосатын ингредиент ретінде қолданылады. Бұл лактозаға аллергиясы бар тұтынушылар мен вегетариандықтар үшін маңызды.