14 қазанда АҚШ-тың Розенберг қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы мен германиялық Винченцо Гуальтьеридің күш сынасатыны белгілі.
Бұл бәсекеден бөлек, сол жарыста тағы бірнеше әйгілі боксшы рингке көтеріледі. Атап айтсақ, 2021 жылы өткен Олимпия ойындарының күміс жүлдегері Кишон Дэвис (9-0, 6 КО) Нахир Олбрайтпен (16-2, 7 KO) жұдырықтасады. Токио Олимпиадасында дәл сол межеден көрінген Ричард Торрес (6-0, 6 KO) Дон Хейнсвортпен (17-8-1, 15 KO) айқасады. Жапонияның астанасында жеңіс тұғырына көтерілген тағы бір боксшы Дюк Рэган (8-0, 1 KO) Хосе Переспен (11-1-2, 5 KO) шеберлік байқасады. Есімдері аталған былғары қолғап шеберлерінің алғашқы бесеуі – АҚШ-тан, алтыншысы – Мексикадан.
Естеріңізге сала кетейік, орта салмақта өнер көрсететін Әлімханұлы мен Гуальтьери арасындағы жекпе-жекте WBO және IBF нұсқалары бойынша екі бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынады.