Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,72 теңгеге қымбаттап, 464,48 теңге болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,32 теңгеге (+0,25) дейін көтерілді.
Ұлттық банк еуро бағамын - 495,14 теңге, рубль бағамын - 4,72 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 461 - 464 теңге, еуро – 494,5 - 498,5 теңге, ресей рублі – 4,69 - 4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетсек, бүгінгі саудада әлемдік мұнай бағасы сәл арзандады.
Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны барреліне 0,35%-ға арзандап, 90,28 долларды құрады.
Ал NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 0,47%-ға арзандап, барреліне 87,13 доллар болды.