• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2023

Алматы облысында атыс болып, бір адам көз жұмды

374 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хаабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, Алматы облысында болған атысқа қатысуқан күдіктілерді ұстады.

Еске сала кетсек, 7 қыркүйекте Іле ауданының ОАА-ға тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Өкінішке қарай, тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды.

«Аталған деректер ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп жазды Бауыржан Әленов.