• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қыркүйек, 2023

Лаңкестер Түркістандағы Ясауи кесенесін жармақ болған–ҰҚК

604 рет
көрсетілді

Лаңкестер Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жармақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руслан Сейсембаевтың айтуынша, Қазақстанда террористік қауіп тұрақты түрде сақталып отыр. Жыл сайын кем дегенде 2 террористік шабуылдың алды алынады екен.

«Мысалмен айтқанда, биыл ғана дайындықтың ерте кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жарудың жолы кесілді. Сондай-ақ Астанада адамдар жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттері тоқтатылды. Бізге келіп түскен ақпарат «ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін террористік қатерлердің қалыптасуы бірқатар үстем фактордың әсерінен болады» деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді», деді Руслан Сейсембаев ШЫҰ отырысында.

Айта кетсек, бүгін Астанада Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) өңірлік терроризмге қарсы құрылым РАТС кеңесінің 40-отырысы өтіп жатыр.