Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде күз мезгіліне тән ауа райы республиканың бүкіл аумағы бойынша орнығады, хабарлайды Egemen.kz.
Ылғалдың үлкен қоры бар Солтүстік циклон алдағы күндері бұлтты және күзгі салқын ауа-райын анықтайды, бүкіл Қазақстан бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстікте, орталықта, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің басым бөлігіндегі ауа температурасы күндіз 10-20 градусқа дейін жылы болып, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 20-30 градусқа дейін жоғарылайды.