• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Қыркүйек, 2023

Ықпалдастық жайы талқыланды

152 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Германия Сауда-өнеркәсіп палатасының Сыртқы сауда бөлімінің басшысы Фолькер Трайердің кездесуі барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесуде тараптар экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен тереңдетудің перспективалық бағыт­тарын, сондай-ақ Қазақстан Республи­касын­да жүзеге асырылып жатқан бірлес­кен инвестициялық жобаларды талқылады.

Роман Скляр Қазақстан инвестиция­лық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ол Германияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең маңызды серіктестерінің бірі деп атап, энергетика, өнеркәсіп, көлік және логистика сияқты басым салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілік танытты.

Өз кезегінде Фолькер Трайер Қазақ­стан Германия үшін Орталық Азия­дағы басты серіктес екенін атап өтті. Гер­мания статистикасына сәйкес, елдер арасын­дағы сауда 2022 жылы 90,2% артып, жалпы сомасы  9,7 млрд еуроға жетті. Қазақстанның Германияға экспорты да 86,5% өсіп, 6,9 млрд еуроны құрады.

Фолькер Трайер елдердің экономика­лық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. 

Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасары «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Германия эконо­микасының Орталық Азиядағы өкіл­дігімен Германияның Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты.

Форум аясында іскерлік байланыс­тарды одан әрі дамыту мен кеңейту және екіжақты сауданы ілгерілету перспективалары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы нақты бірлескен жобалар талқыланды.

Форумға Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен жеке бизнес өкілдері, сондай-ақ Германия экономикасының 40-тан астам жетекші өкілдері қатысты.