• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Қыркүйек, 2023

Латвия ресейлік көліктердің өтуіне тиым салды – БАҚ

317 рет
көрсетілді

Delfi ақпараттық порталы Латвияның мемлекеттік кірістер қызметі жанындағы кеден басқармасының ақпаратына сүйеніп, осы ел арқылы  ресейлік көліктердің  өтуіне тиым салғанын жазды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Латвия билігі  Беларусь және Ресеймен шектесетін аймағында ресейлік көліктердің жүруіне тиым салды. Ал талапқа бағынбай кедендік заңнаманы бұзып, Ресей мен Беларусь еліне оралған жүргізушінің көлігін тәркілеп алу қолданысқа енгізілуі мүмкін. Дегенмен де талап бойынша тауар ретінде танылмаса, жүк тасушы құрал болып саналса ресейлік көліктердің Еуропа одағынан Ресейге оралуына рұқсат етіледі. Еуропалық одаққа мүше елдердің дипломатиялық әрі консулдық өкілдерінің, делегация мен елшіліктердің еншісіндегі көлік құралдарына шектеу салынбайды. Эстония сыртқы істер министрлігі Ресеймен шектесетін Еуропалық одақ елдері ресейлік нөмірдегі автомобильдерді әкелуге тыйым салу мәселесі талқыланып жатқанын жеткізді. Бұл ел еуропалық одақ нұсқаулығын орындауға құмбыл. Бірақ Финляндия  Ресейден әкелінген көліктерге әзірге есігін айқара ашып отыр.

8 қыркүйекте еурокомиссия Ресейден әкелетін және импорттайтын тауарлардың түсініктемесін жария етті. Құжатта талап бойынша Еуропалық Одаққа мүше елдерге автомобильдер мен жеке тауар түрлерін әкелуге тыйым салынатыны жазылған.