Кәсіпқой бокста UBO тұжырымының чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған Ангелина Лукас жекпе-жекке шығар алдында Қуандық Рахымның орындауындағы «Мен қазақпын» әнін тыңдап рухтанатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Боксшы TikTok желісінде осы әуеннің демеуімен рингке беттеп келе жатқан бейнесін жүктеп, әннің арқаландыратынын мақтанышпен жеткізді. «Бұл ән маған орасан рух, мотивация береді. Әрбір жекпе-жегіме осы әннің жебеуімен шығамын» деген бейнесі бір миллионнан аса қаралым жинады.