• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 15 Қыркүйек, 2023

Президент: Су ресурстарын бірлесіп пайдалану бәріне тиімді

203 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Тәжікстанға  жұмыс сапарының екінші күнінде  Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында жасаған  баяндамасында кездесудің маңызы зор екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біздің бүгінгі кездесуіміздің символдық мәні зор. Биыл Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) құрылғанына 30 жыл толды. Қор құрылғаннан бергі уақыт аралығында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану, Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу мәселелері бойынша аймақтық ынтымақтастықтың маңызды институтына айналды. Орталық Азияның қауіпсіздігін, тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз ету ісінде Қор зор рөл атқарады», деді Президент.

Қ.Тоқаев  Халықаралық Аралды құтқару қоры  әлем алдында Орталық Азияның субьектілігін танытатын  әрі ынтымақтастықты айқындайтын механизмдердің бірі екендігін атап өтті.