• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Футбол 18 Қыркүйек, 2023

Іріктеуді сәтті бастады

138 рет
көрсетілді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама беретін соңғы іріктеу кезеңін сәтті бастады. Сырт алаңда Нидерланд құра­масымен шеберлік байқасқан жерлестеріміз алаң иелерінен 2:0 есебімен басым түсті.

Келесі жылы Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте жалауы желбірейтін әлем чем­пио­натының іріктеу кезе­ңін Қазақстан құрамасы екінші ай­­налымнан бастады. Ол ке­зеңде Рикарда Кака шәкірт­тері Словения және Черно­гория құрамаларымен бақ сынасып, өз тобында бірінші орын­мен элиталы кезеңде ойнау мүмкіндігіне ие болды. Ал әлем чемпионатына жол­дама беретін соңғы ірік­теуде жерлестеріміз жеребе қо­рытындысы бойынша Ни­дер­ланд, Румыния және Әзер­байжан құрамаларымен бірге А тобына түсті.

Өткен аптада ел құ­рамасы соңғы іріктеу саты­сындағы алғашқы ойынын сырт алаңда өткізіп, Нидерланд фут­зал­шыларынан басым түс­ті. Ал­мере қаласында өткен тартыс­ты ойында Қазақстан құ­рамасы әр таймда бір-бір голдан соғып, іріктеудегі ма­­ңызды үш ұпайына қол жет­кізді. Алғашқы таймда Эдсон есепті ашса, екінші тайм­да Дәу­рен Тұрсағұлов таб­лодағы көр­сеткішті еселеп, ойынның нүктесін қойды – 2:0.

Статистикаға көз жүгір­тер болсақ, Қазақстан мен Ни­дерланд құрамалары бұ­ған дейін тек бір мәрте кез­дескен екен. 2019 жылы әлем чемпионатының екінші ірік­теу кезеңінде жолдары түйі­сіп, сол кезде де Қазақстан құ­­ра­­масының мерейі үстем болған еді – 5:0.

Біздің топтағы екінші ойында Румыния құрамасы өз алаңында Әзербайжан футзалшыларын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп, бірінші турдан кейін А тобында Қазақстан мен Румыния құрамалары үш ұпаймен көш басына шықты. Алайда румындар көп гол соғу көрсеткішімен турнир кестесінде Қазақстанды екінші орынға ығыстырды. Енді А тобының қос мық­тысы 20 қыркүйек күні Ал­матыдағы Балуан Шолақ спорт кешенінде шеберлік байқасады. Демек элиталық раундтың екінші турынан кейін А тобында жалғыз көш­басшы пайда болуы мүмкін.

Іріктеу сайыстарының ере­жесі бойынша элиталы кезеңде бақ сынап жатқан Еуропаның 20 құрамасының тек жетеуі ғана келесі жылғы әлем чемпионатына қатыса алады. Яғни бес топта үз­дік шыққан бес құрама жа­һандық додаға тікелей жол­дама алса, екінші орын ал­ған ең үздік төрт құрама бір-бі­рімен елек­тік ойын өткі­зіп, қалған екі жолдаманы са­рапқа салады.