• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Басылым 17 Қыркүйек, 2023

Станса салу референдумда шешіледі

243 рет
көрсетілді

Қазақстан басшысы елде атом электр стан­сасын са­лу мәселесін референдумға шы­ға­ру­ға шақырды. Орталық Азияда орна­лас­қан мем­лекетке кеңес өкіметі тұ­сын­дағы ядро­лық сынақ зардап әкел­ген-ді.

КСРО тұсында билік өкілдері Қазақ­станның ұлан-ғайыр жерінде жүздеген ядро­лық сынақ жасалып, қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына орасан зиян келтірді.

Әлемде уран өндірісі бойынша же­текші ел саналатын Қазақстандағы көп­ші­лік энергетика саласына атом электр стансасын салуға күмәнмен қарайды.

«Атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесі – еліміздің болашағына қа­тысты аса маңызды мәселе», деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. «Сон­­­дықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақ­ты мерзімін кейін анықтаймыз», деді ол халыққа Жолдауында.

Орталық Азиядағы мемлекетте мұн­дай мәселе алғаш рет референдумға шыға­рылып отыр. Әлемдік уран қауым­дас­тығы келтірген деректерге сүйен­сек, Қазақстан шартараптағы жетекші уран өндіруші мемлекет саналады. Жаһандық өнді­рістің 43 пайызы Қазақстанға тие­сілі.

«Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз же­рімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар ша­ғын ядролық стансалар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бір­қатар сарапшы ядролық стансаның қа­уіп­сіздігіне күмәнмен қарайды. Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады», деді Қ.Тоқаев.

Мәскеу билігі 1949 және 1989 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан алып аймақты атом бомбасын сынауға пайдаланған. Ол мекен Семей полигоны атымен танымал. Сынақ жасау кезінде шамамен 1,5 мил­лион адам радиациялық сәулеге ұшы­ра­ған. Аймақта әлі күнге дейін қатер­лі ісік деңгейі жоғары.

Қауіпсіздікке алаңдайды

Қазақстан елдегі тұңғыш атом электр стан­сасын салу-салмау мәселесін референдум ар­қылы анықтамақ. Қазақстан Прези­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жол­дауында осылай деді. Оның нақ­ты күні кейінірек айтылады.

Орталық Азияда орналасқан мемлекет талайдан бері осы мәселені талқылап келеді. Энергетика қуатын арттыру мәсе­лесі көтерілгеніне біраз болды. Тіпті ке­лешек АЭС-тің орны белгіленіп, Алматы облысынан жер таңдалды. Ықти­мал серіктес ретінде Ресейдің «РосАтом» компаниясы аталды.

Бірақ кей белсенділер бұған қарсы. Өйткені қауіпсіздік мәселесіне алаң­дай­ды. КСРО кезінде Қазақстанда көптеген ядролық қаруды сынақтан өткізген еді.

«Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жері­мізде атом стансасын салуға әбден ха­қы­мыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық стансалар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшы ядролық стансаның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды», деді Қ.Тоқаев.

 

Халық шешетін мәселе

Орталық Азияда ор­на­ласқан Қа­зақ­стан ре­­фе­рендум өт­кі­зіп, елдегі ал­ғашқы атом электр стансасын салу-салмау мә­­се­лесін талқыламақ. Қазақстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаев ха­лыққа Жол­дауында осындай мәлім­деме жасады.

Оның айтуынша, бұл мәселеге қа­тыс­ты сарапшылардың пікірі екіге жа­­рылған. Бірі 2030 жылдарға қарай туын­дайтын энергетика тапшылығына байланысты құрылысты жедел жүргізу керектігін алға тартады. Келесісі оның құны мен қауіпсіздік мәселесіне алаң­дайды.

«Сондықтан бұл мәселе бо­йын­ша қоғамдық тыңдауларды, жан-жақ­ты, кең ауқымды тал­қылауларды жал­ғас­тыруымыз ке­рек. Біз маңызды стратегиялық мә­­селелерге қатысты түпкі шешімді ре­ферендум арқылы қабылдауымыз қа­жет», деді Қ.Тоқаев.

Атом электр стансасы қайда салынатынына қатысты да түрлі пікір айтылды. Мәселен, оңтүстік-шығыста орналасқан Алматы облысында Бал­қаш көлінің маңынан арнайы жер бөлінді. Ел арасында АЭС-ті Ресейдің «РосАтом» компаниясы салады деген пікір айтылады.

Қазақстан халқының атом электр стансасына қатысты пікірі Семей ядро­лық сынақ алаңына қатысты туын­даған. Кезінде шамамен 1,5 миллион адам 40 жыл бойы сынақтан зардап шекті.

Екінші жағынан Қазақстан уран өндірісі бойынша жетекші мемлекет са­налады. Елде шамамен барланған кен орнының 12 пайызы орналасқан. Сол себепті келешек АЭС-тің құны өзін-өзі ақтауға тиіс.