• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Қыркүйек, 2023

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы 18-қабаттан құлап кетті

216 рет
көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі мен полициясы 47 жастағы Қазақстан азаматының өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай 21 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25 шамасында болған. Қазақстан азаматы сырлау жұмыстары жүргізілгелі жатқан тұрғын үй кешенінің төбесіне қорғаныс тіректерін орнату кезінде 18-қабаттан құлап кетті.

Құлап кеткен азамат бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қаза болғанын айтты.

Сондай-ақ ол заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін. Сондықтан жұмыс беруші жазаға тартылмайтыны анықталды.

Қазіргі уақытта еңбек министрлігі еңбек қауіпсіздігінің бұзылған-бұзылмағанын анықтап жатыр, ал полиция қызметкерлері жұмыс орнында кісі өлтіру фактісі болған-болмағанын тексеріп жатыр.