• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Қыркүйек, 2023

Есілге 300 мың шабақ жіберілді

227 рет
көрсетілді

Астана қаласының орталық саябағы маңында Есіл өзеніне 300 мыңнан аса тұқы балығының шабақтары жіберілді Бұл шабақтарды мемлекеттік тапсырыс аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен Зеренді балық тәлімбағы өсірген.

Есіл өзенін балықтандыруға бағытталған іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми ұйым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, елорда тұрғындары қатысты.

Жыл сайынғы балықтандыру табиғи су айдын­дарының балық ресурстарын сақтау және тұрақты пайдалану, сондай-ақ астаналықтардың демалысы үшін рекреациялық жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі. Осылайша барлығы өз қармағымен қала жағалауына шығып, бос уақытында балық аулап демала алады.

Осы орайда балық өсіретін кәсіпорындар осы жылдың басынан бастап Қазақстанның су қоймаларына мемлекеттік тапсырыс аясында бағалы балық түрлерінің 80 млн шабағын жібергенін атап өткен жөн. Сонымен қатар қазан айының соңына дейін Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертіс және Есіл бассейндерінің су айдындарына тағы 20 млн дана шабақ жіберу жоспарланып отыр.