• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2023

Қазақ тілі қаланың тілі болмай, өспейміз!

412 рет
көрсетілді

Алматыда «Aq Jelken» балалар мен жасөспірімдердің республикалық журналының жас тілшілеріне арналған белгілі журналист,  «Aq Jelken» -нің бас редакторы Есей Жеңісұлының «Сауатты жазу: алғышарттар және қатемен жұмыс» атты семинар-сабағы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Аталған сабаққа әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ) мен Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері университеті (Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ) сынды Алматыдағы ірі оқу орындарының журналистика факультетінің студенттері қатысты.

Сабақтың мақсаты – журналистика саласына аяқ басқан тілшілердің сауатты жазуына, жазу шеберлігін қалыптастыруға бағыт-бағдар беріп, жас  буын арқылы  БАҚ тілін жандандыру. Сабаққа қатысушылар Есей Жеңісұлы ұсынған тапсырмаларды орындап, небәрі 7 минутта заметка жанрында материал жазып шықты.

Бас редактор әр тілшінің материалын талдай отыра, БАҚ тілінің, ғылым тілінің калькаланып бара жатқанын түсіндіріп, қатемен жұмыс жүргізді. «Қазақ тілі қаланың тілі болмай, өспейміз! Қаланың тілі деген не? Қаланың тілі дегеніміз – ғылымның тілі» деп, тәжірибелі журналист студенттерді сауатты жазуға шақырды.

Айсұлу СЪЕЗХАН, 

тілші