Ханчжоуда өтіп жатқан 19-шы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының дзюдошысы Мағжан Шамшадин қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үшінші орын үшін белдесуде ол 60 келі салмақта Тәжікстан өкілі Мерзод Суфиевті жеңді.
Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальды дзюдошы Әбиба Әбужақынова әкелді – ол күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан спортшысы Елена Потапенко Ханчжоудағы Азия ойындарында заманауи бессайыс бойынша әйелдер арасында жекелей сында 5-орынға ие болып, 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарына лицензия алды.
Ал жүзуден Әділбек Мусин мен Аделаида Пчелинцева Қазақстанның рекордын жаңартты.