Қытайдағы Азия ойындарында 63,5 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов алғашқы болып өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы 1/16 финалда 63,5 келіге дейінгі салмақта Қазақстан боксшысы Ертуған Зейнуллинов Иордания өкілі Обада Алкасбехпен кездесіп, оны бірауыздан ұтты.
Осылайша Зейнуллинов 1/8 финалға шықты. Келесі жекпе-жегінде оған тәжік боксшысы Баходур Усмонов қарсы шығады.