Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дархан Қуандықұлы 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер болып бастаған.
2005-2006 жылдары - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.
2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.
2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде министрдің кеңесшісі.
2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2012 - 2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.
2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарды және аталған одақтың ұйымдастырушысы.
2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде «2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия» атты халықаралық симпозиумды, және 2018 жылы «Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі» халықаралық мәдени іс-шараларын ұйымдастырды.
2016 жылы «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерзімге тағайындалды.
2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып қызмет атқарды.