Синоптиктер 28-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Елде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман күтіледі. Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнде 1-3 градусқа дейін аяз болады», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.