ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 11-15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандарының қатысуымен діни экстремизмнің таралуын алдын алуға бағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Шакимова Л.С., Тұрапбай М.Н., Оразбаева Г.К., Кенжеев А.А. тартылды.
РАТТ мүшелерінің қатысуымен Балхаш, Қарағанды, Абай, Шахтинск, Теміртау қалалары, Абай, Қарқаралы, Бұқар жырау аудандары, Қарабас, Үштөбе ауылдары, Қарағайлы кентінің колледж және университет студенттері, өңірлердегі полиция бөлімі, емхана, мәдениет үйлері мен кітапханақызметкерлері, түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілер және т.б қатысушылар арасындасеминарлар және кездесулер өтті.
Өткізілген іс-шараларда өңірлердің тұрғындарына Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталғандін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпараттар берілді.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.