• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 28 Қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барды

296 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.