• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Жемқорлық 02 Қазан, 2023

Шымкентте шенеуніктер бюджеттен 1,1 миллиард теңге жымқырған

103 рет
көрсетілді

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, олар жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.

Құқық қорғау органдары осы әдіспен бюджеттен ұрланған қаражат көлемі 1,1 млрд теңге деп бағалаған.

«Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды.