Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 37-ші медаль түсті. Виктория Бутолина батут гимнастикасынан финалдық жарыста өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бутолина үздік үштікті түйіндеп, 52,600 ұпаймен қола жүлдеге ие болды.
«Алтынды» қытайлық Жу Сюэ Ин (56,720), «күмісті» оның отандасы Ху Йичэн (55,790) жеңіп алды. Бұған дейін Виктория іріктеуде төртінші орын алған еді.
Қазақстан қоржында жалпы 37 медаль бар; 26 - қола, 4 - алтын және 7 - күміс.
Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін өтеді.