Астана қаласында 5 қазаннан бастап жылу беріле бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Айта кету керек, бұрын берілген өтінімдер бойынша жылу қаланың әлеуметтік нысандарында - мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда қосыла бастады. Барлығы 116 әлеуметтік нысанда жылу бар», делінген хабарламада.