• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Қазан, 2023

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

172 рет
көрсетілді

Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев Ресей Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Алексей Громовпен кездесті.

Кездесу барысында алда­ғы жоғары деңгейдегі іс-шара­ларды талқылады. Өңір­лік интеграциялық бірлес­тіктерді қоса алғанда, Қазақстан мен Ресейдің екіжақты және көп­жақты форматтағы ынтымақ­тастығының өзекті мәселе­лері сөз болды. Тарап­тар Қазақстан мен Ресей көшбас­шылары арасында қол жеткі­зілген уағ­даластықтарды іс­ке асыру бойынша жүйелі және дәйекті жұмыстың маңыз­дылығын атап өтті.

Сондай-ақ Д.Абаев Ресей Фе­дерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденкомен кездесті. Көпжақты алаңдар, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралар кеңесі (АӨСШК) аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Тараптар қазіргі уақытта еліміз төрағалық ететін ШЫҰ күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша ұстанымдар­дың сәйкес келетіндігін растады.