Боксшы Карина Ибрагимова Ханчжоудағы (Қытай) ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шығып, келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
57 келі салмақта сынға түскен Карина жартылай финалда Миджона Самадованы ұтты. Енді жазғы Азия ойындарының алтын медалі үшін жекпе-жекте Тайбэй боксшысына қарсы айқас өткізеді. Азия чемпионы, әлем біріншілігінің үш дүркін жүлдегері 27 жастағы Каринаның еншісінде жазғы Азия ойындарының алтын медалі жоқ. Олқылықтың орнын бүтіндеу өз қолында.