• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Мәдениет 05 Қазан, 2023

Боралдайдың баурайы тұнған тарих

195 рет
көрсетілді

Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуіне байланысты ұлттық руханиятты қайта жаңғырту, тарихи тамырымызға оралу, жалпы адамзат өркениеті құндылықтарының аясына ену кезеңі келді. Халықтың өз тарихын танып білсем деген тілегіне жауап беретін уақыт межесіне жеттік. Мұны қазіргі заманғы ақпараттық өркениеттің әдіснамасы мен құндылықтары талаптарының деңгейінде, ақиқатты бұрмалаудан бойды аулақ сала отырып, жаңа мифтерге жол бермей іске асыру керек. Сонда ғана ата-бабаларымыздың рухани мұрасын игеру, тарихи сананы қалпына келтіру – еліміздің одан әрі гүлденуіне, қоғамымыздың рухани дамуына үлкен өріс ашады.

Мәдени мұра – халықтың зер­­д­е­сі әрі халықтың басынан өткен тарихи соқпағы. Бұл мәселеге байланысты тарихи зерттеулердің ең басым және болашағы зор бағыттарының бірі – қала феноменін танып-білу.

Көшпенділердің мәдениеті мен дәстүрін және отырықшы жер шаруашылығын өн бойына сіңір­ген қаламыздың мыңжылдық тарихы елшеусіз тереңде жатыр. Қала аумағы, табиғи климаттық жағдайдың аса қолайлығына байланысты бұл аймақ ешқашан бос жатпаған. Мыңдаған жылдар бұрын бұл аймақта көшпелі халықтардың рухани және мәдени орталықтары қалыптасқандығын архео­лог ғалымдар дәлелдеп отыр. Археологиялық қазба жұмыс­та­рының нәтижесінде алғашқы тарихи-мәдени ескерткіштерді анықтады. Өкінішке қарай, олар­дың көпшілігі уақыт сынынан өтпе­ді. Бірақ кейбір ескерткіштер бізге дейін сақталған. Олардың ішін­­де көшпелі элитаның ең үлкен қорығы – Боралдай. Боралдай сақ қорғандары археологиялық кеше­ні еліміздегі маңызды тарихи ескерт­кіш­тер қатарына жатады. Ашық аспан астындағы бұл кешен жайлы деректер ұзақ жылдар бойы бей­мәлім болып келді. Бірегей ескерт­кіш 2006 жылы 3D картаны модельдеу үшін аэротүсірілім кезін­де анықталған. Мыңдаған жыл­дық тарихтан сыр шертетін архео­логиялық кешен 2018 жылы Қазақ­стан­ның жалпыұлттық қасиетті нысан­дарының тізіміне енді.

Боралдай сақ қорғандары Алма­ты­­­ қаласының солтүстік батыс ай­ма­­­ғында, Үлкен Алматы өзе­­ні­­нің сол жақ жағалауында орна­лас­қан. Сол­­түс­тігінде қала­лық­ типті Борал­дай­ ауы­лымен, оңтүс­­тігінде Үлкен Алма­ты каналымен шектесіп, Бо­рал­­­д­ай үстіртінің бір бөлігін алып жа­­тыр. Бұл қорымның ұзындығы 3 ша­­қы­рым болса, ал ені 800 метрге де­­йін аумақты алып жатқан тарихи-мә­­­­де­ни аумақ болып табылады. Осы 430 га аумақты алып жатқан «Бо­рал­­­дай сақ қорғандары» – архео­ло­­­гия­лық паркі­нің аймағында ерте те­­­мір дәуірі кезеңінің 47 үл­кен сақ және 200-ден астам үйсін қор­ған­да­­­ры орналасқан. Аса үлкен қор­ған­­­дардың биіктігі 10-14 метрге дейін же­­­­теді. Ал диаметрі 80-150 метр­ алып жа­­­­тыр. Сақ обалары Жетісу­дың, әсі­­­ресе тау бөктері аймақтары бе­де­­­­рінің ерекше белгілері болып та­бы­­­­лады.

Кешеннен табылған көне жәді­гер­лермен әлі күнге дейін қаз­ба жұмыстары жүргізілмей сақ­тал­­ған бірнеше биік қорым­дар­­ға қарап, ғалымдар Боралдай ке­­шенін б.з.д. VІІІ-ІІІ ғғ. Жетісу же­­рін мекендеген сақ тайпалары, б.з.б. ІІІ ғ. – б.з. ІІІ ғ. үйсін тайпалары мекен еткен деген болжам жасаған.

Бұл қорымда сақ және үйсін тайпаларының билеуші әулет­те­рі­н­ің өкілдері, лауазымды тұлға­ла­ры жерленген деген ғылыми тұ­жы­рым жасалды. Маман­дар бұл қорым­дар бұдан да бірнеше есе биік болып салынуы мүмкін екенін айтады. Уақыт өте жер қабаттарының көте­рілуіне байла­нысты біздің заманымызға осы көлемі ғана сақталып жеткен. Биік қорымдарды тұрғызу үшін топырақ алынған жерлер кешен аумағында әлі күнге дейін сақтаулы. Ғалымдардың айтуынша, кешен сақтардың жерлеу орындары болған. Осы дерекке сүйеніп, сақтар осы Алатау бөктерінде өмір сүрді деп айтуға толық негіз бар. Бұған архео­логиялық жәдігерлер дәлел. Шама­мен, б.з.д. Х ғасырдан бастап мұн­да ірі тайпалар қоныстанды. Әуелі сақтар мекендеді. Кейіннен олар­ды үйсіндер алмастырған. Мұн­дай биік қорымдар мыңдаған адам­ды жұмылдыру арқылы салын­ған болуы мүмкін. Әрине, құрылыс тек күн жылынған уақыт­та­ жү­ріп, қысқа қарай тоқтап отыр­ған сы­ңай­лы. Көктемде жұмысқа қайта келген адамдар бір-бірімен са­ғыныса көріскен болса, ол қазіргі Нау­рыз мерекесінің уақытымен сай келеді. Бұл жиын қазіргі Асар­лату сал­ты мен Көрісу және Наурыз мере­ке­лерінің бастауы болуы да мүмкін.

Тарихи кешен аумағында келу­шілерге ежелгі сақтардың қалай жерленгені туралы дерек ұсы­натын бірнеше макет бар. Архео­ло­гиялық қазба жұмыстары кеше­нінде анықталған деректер не­гізінде жасалған макеттерден сақ­тар­да қайтыс болған кісіні ыдыс-аяқ­­та­рымен бірге көмгенін көруге болады.

Бұл бабаларымызда сол кездің өзінде өлімнен кейінгі өмір бар деген түсінік болғанын көрсетеді. Тіпті кейбір қорымдардан мініс аттарымен бірге жерленгендері де кездеседі. Сондай иесімен бірге жерленген жылқылардың ішінде кейбірінің құйрық-жалдары алтын жіптермен өрілгендері де бар.

Кешеннің ішінде ежелгі сақ­тар­дың қорымдарынан бөлек тұр­ғын үйлерінің бірінің қайта жаңар­тылған нұсқасы орналасқан. Б.з.д. IV ғасырға тиесілі үй лашық іспет­тес болғанымен, ішкі жағы мен шаңырағы киіз үйдің форма­сы­на ұқсайды. Бұл лашықтың түп­нұсқасы өткен ғасырдың 1970 жыл­дары Медеу мұз айдынының құры­лысы жүргізіліп жатқан кезде таудағы тастардың арасынан шық­қан. Бұл жәдігер қазір әйгілі спорт ке­шені тұрған жерден 300 метр қашық­тықтан табылған.

Әлемдік мәдениетте архео­ло­гиялық қазба жұмыстарының орнында ашық аспан астындағы мұражайлық-мемориалды кешен құруда үлкен тәжірибе бар. Сыртқы сипаты және тұжы­рым­дық мағынасы жағынан Боралдай сақ қорғандарына ұқсас ашық аспан астындағы археологиялық қорық музейлер Мажарстан астанасы Будапешт түбінде және Корей Рес­пуб­ликасының Кенжу қаласында «Тимулли паркі» орналасқан.

Жетісу өңірінің табиғат жағ­­дайы­ның байлығы мен көр­кем­ді­гі туристердің назарынан тыс қал­ма­ған. Боралдай қоры­ғы­ – қазір­гі­ таңдағы туризм­ді дамы­ту­дағы бір­ден-бір болашағы үлкен жоба. Сон­дай-ақ «Архео­логиялық парк» құру та­би­­ғи және тарихи мәде­ни мұ­ра­ны­ сақ­тап қалудың тиімді жолы.

Археологиялық парктің даму концепциясы үш аймақты ұйым­­дастыруға байланысты. Бірін­ші аймақта қорғандарға толық­­тай археологиялық қазба жұмыс­­тары жүргізіледі, содаң соң му­зей­­лен­ді­рі­ліп, онда қорған­дар­дың сыртқы бей­несі мен мәдени ландшафы жер­леу кешенінің ішкі құрылымы толық қайта қалпына келтіріледі. Екін­ші аймақта әртүрлі дәуірдің архео­логиялық нысандарының өзінің таза қалпындағы макеті жасалып, қазақтың дәстүрлі көшпелі мәде­ниеті бойынша экспозициялар­ды­ орналастыру қарастырылып отыр. Үшінші аймақта туристік қыз­­мет­ көрсетудегі негізгі нысандар­ орна­­ласқан саябақ аймақтарын салу,­ мұражайлық-туристік инфра­құ­ры­­лым­ды ұйымдастыру көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда археологиялық парк­те төмендегідей жұмыс­тар­­ атқарылды: жер телім­дерін тұрақ­ты пайдалану үшін құжат­тар­­ды рәсімдеу жұмыс­та­ры жүр­гі­зіл­ді. Әкімшілік ғима­раты­ның құ­ры­лы­сы мен нысандарды қор­­шау жұ­мыс­тары аяқталып, «Борал­­дай­ сақ қорғандары» паркі­нің ғылы­ми концепция­сы­ жасалынды.­ Ескерт­кішті кешен­ді архео­логия­лық зерттеу – гео­дезия­лық сурет­тер түсіру, кешен­ді геолого-гео­физи­калық зерт­т­еу, саябақ­тың шека­расын дәл анықтау, музей­лен­діретін нысандарды зерт­теу және талдау жұмыстары жүр­гізіл­ді. «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-жай­ларының генезисі» атты этно­аймақ нысандарының кон­­цеп­­ция­сы жасалып отыр. Кеше­нді архео­логиялық зерттеу, музей­фи­ка­ция­ны­ жоспарлауға арналған архео­­ло­гия­лық­ нысандарды консер­ва­циялау және қалпына келтіру жұ­­мыстары алда­ғы уақытта жүзеге асырылмақ.

Алматы қаласының маңында мұндай ескерткіштердің бар екендігін көп жұрт біле бермейді. Сондықтан қазір «Боралдай сақ қор­ғандары» археологиялық паркі­нің ғылыми қызметкерлері қор­ған төңерегіндегі мектептермен, кол­ледждермен өзара мәдени іс-шара­лар­ды жас ұрпақтың отан (өлке, қала) тарихы туралы білімдерін жетіл­діру мақсатында бірлесе жұмыс атқарып келеді. Алматы қаласы Алатау ауданы жалпы білім бере­тін мектептері мен «Алматы қала­сы музейлер бірлестігі» ара­сын­дағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Оқушылардың Боралдай сақ қор­ғандарына жиі келуі өз ата-баба­ларының тарихи мұраларына де­ген қызығушылығын артты­рып, дүниетанымының кеңеюі­не әсер етеді. Олардың бойы­на­ пат­риот­тық сезімді қалып­тас­ты­ра­ды.­ Соңғы жылдары мектеп оқу­шы­лары мен «Боралдай сақ қор­ған­да­ры» туралы ғылыми жоба­лар қор­ға­лып, қалалық, респуб­ликалық бай­қау­лар­да жүлде­лі орындарға ие болды.

Бола­шақта мұнда келген турис­тер­ ата-бабаларымыздың тұрмы­сы­­мен, салт-дәстүрімен, жалпы тари­­хымен терең танысатын болады. Келешекте осы «Боралдай сақ қорғандары» – археологиялық паркі Алматы қала­­сы­ның әлеуметтік, мәдени- эконо­­ми­калық көркеюіне зор үлес қосып, оның халықаралық туризм жүйесіне кіруіне өз септігін тигізетіні анық.

 

Дәулеткелді ТҰРҒАНБАЕВ,

«Алматы қаласының Музейлер бірлестігі»

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінің ғылыми қызметкері