• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қазан, 2023

«Париж Олимпиадасынан алтын алайық». Қоңқабаев жанкүйерлеріне алғыс айтты

337 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарында  бокстан күміс медаль олжалаған аса ауыр салмақтағы боксшымыз  Қамшыбек Қоңқабаев қолдау көрсеткен  барша жанкүйеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қытайдағы жазғы Азия ойындары да өз мәрсесіне жетті.  Тақым қысып жанкүйер  болған барша қауымға алғыс айтамын.  Бұйыртса, Париж-2024 Олимпиадасынан  қазақ еліне алтын алып келуді нәсіп етсін», деп жазды боксшы.

Қамшыбек Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының финалына шыққан жалғыз саңлақ  еді. Әлемнің екі дүркін чемпионы, Токио Олимпиадасының  жеңімпазы өзбек Баходир Жалоловқа қарсы өткізген жекпе-жектен кейін Қамшыбек пікір білдірді.

«Рингте мен жүрдім, төреші қолымды көтермегендіктен жеңдім демеймін. Келесі жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында бұдан да қарқынмен жұдырықтасып, еліме алтын медаль тарту еткім келеді», деді ол.

Аса ауыр салмақта Сидней Олимпиадасының күміс жүлдесін алған  Мұхтархан Ділдәбеков бокста бойы ұзындардың қимылы сылбыр келетінін, Қамшыбек жылдамдығын үдетсе, Жалоловты сабасына түсіруге болатынын айтты.