Артистік жүзуден дуэт бағдарламасында жарысқа қатысқан 17 жастағы Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алтын медальді Қытай командасы иеленді (526.8620 ұпай). 489.4288 ұпай жинаған жапониялық жұп күміс медаль алды. Ал Қазақстан 418.6987 ұпай жинап, үштікті түйіндеді.
Еске сала кетейік, бүгін, Азия ойындарында Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының финалына шықты. Ал тағы бір Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Ананьева слаломды есуден күміс жүлде жеңіп алса, Мариан Урдабаева қоржынды қоламен толықтырды.