• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қазан, 2023

Air Astana Тель-Авивтен келетін жолаушыларды елге жеткізудің балама жолын табады – компания

208 рет
көрсетілді

Қауіпсіздік мақсатында көптеген халықаралық әуекомпаниялар Тель-Авивке және осы қаладан ұшатын рейстерді тоқтата тұруына қарамастан, Air Astana әуекомпаниясы ұшуға ниет білдірген жолаушыларды тасымалдаудың балама нұсқаларын іздестіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тель-Авивтен Алматыға жоспарланған КС650 рейсіне 138 жолаушы билет алған, оның ішінде 37-сі Қазақстан азаматы.  7 отандасымыз Air Astana интерлайн-серіктес әуекомпанияның рейсіне қайта брондалып, 19 адам билет құнын толық қайтаруды таңдаса, 3 жолаушы өз шешімін әлі ойластыруда. Сондай-ақ әуекомпания Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша орындалмай қалған КС649 рейсіндегі шетелдік жолаушыларына билеттерді қайта брондауға жәрдем көрсетті. Жолаушылардың қалауына сәйкес Түркия мен Грузияға ұшуға балама берілді. Air Astana Израильдегі Қазақстан елшілігі ашқан WhatsApp чатында кеңес беріп, қолдау көрсету үшін арнайы қызметкерін тағайындады.

Израильге һәм Израильден ұшуға қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы қызмет ететін жедел желі іске қосылды: +7 (727) 244 44 78, +7 702 702 0074 (WhatsApp). Әуекомпания Израильден ұшуға ниет білдірген барлық отандастардың оралуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр», делінген хабарламада. Әуе компаниясы жолаушыларға қауіпсіздікті қатаң сақтап, ақпараттарды мұқият қадағалап отыруды ескертті.