• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2023

Жамбыл облысы: Қыстан қысылмайды

222 рет
көрсетілді

Өткен жылы өңір шаруалары рекордтық көрсеткішпен мал азығын жинап алғаны белгілі. Сондықтан биылғы құрғақшылық жамбылдық шаруа қожалық ие­лері үшін айтарлықтай қиындық туындатып отырған жоқ. Жемшөп қоры жеткілікті.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашы­лығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітековтің айтуынша, осы жылы 351,2 мың гектар жерден шөп орылған екен. Нақтырақ айтар болсақ, 186,4 мың гектар алқаптан көпжылдық, 26,7 мың гектар жерден бір жылдық шөп, 141,1 мың гектар табиғи ша­бындық және 4,1 мың гектар алқап­тан сүрлемдік жүгері жинал­ған. Бір сөзбен айтқанда, шаруалар өздеріне қажетті мал азығын жинал алған.

«Бүгінгі күнге дейін барлығы 2,1 млн тонна пішен, 87,2 мың тонна пішендеме әзірленді. Сондай-ақ 411,4 мың тонна сабан, 75,5 мың тонна сүрлем дайындалған. Сабан мен сүрлемді жинау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Өткен жылы шаруалар рекордтық көр­сет­­­кешке қол жеткізіп, жем мен шөпті молынан жинағанын да ес­тен шығармаған жөн.

Бұдан бөлек өңірде өткен жылдан қалған 250,7 мың тонна мал азығы бар екенін айта кеткен ләзім. Қазіргі таңда облыс бойынша шөптің бағасы 700-1000 теңге аралығында болса, жемнің тоннасы 11 мың теңгеден өткеріліп жатыр. Қысқасы, жамбылдық ша­руалар қыс мезгілінде мал азығынан қиындық көрмейді», дейді облыс әкімдігі ауыл шаруа­шы­лығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков.