Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды», делінген хабарламада.
Еске салайық, Щучинсктегі теміржолдан 19 жастағы студенттің денесі табылды. 6 қазанда Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР Қылмыстық кодексі 344-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.