• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қазан, 2023

Криштиану Роналду мансабын аяқтайды

438 рет
көрсетілді

Португалия футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

38 жастағы португалдық спортшы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының басшылығына өз шешімін хабардар етті.

«Криштиану Роналду Португалия құрамасының лагеріне барар алдында «Аль-Наср» басшылығына келісім-шартын 2027 жылдың басына дейін ұзартқысы келетінін айтты. Роналду 2026 жылы өтетін әлем чемпионатында «Аль-Наср» клубының футболшысы ретінде ойнауды, кейін футболдан кететінін жариялауды жоспарлап отыр», деп жазды журналист Әл-Хараби.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде – АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.