• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кино 10 Қазан, 2023

Отандық фильм – «Азия Оскарынан» үміткер

247 рет
көрсетілді

Режиссерлер Айсұлтан Сейі­тов­тің «Қаш», Дархан Төле­генов­­тің «Ағайынды», Асхат Кучинчирековтің «Ба­уы­ры­на са­лу» картиналары «Азиялық Оскар» (Asia Pacific Screen Awards) сыйлығына үміткерлер қа­та­рына кірді.

Айсұлтан Сейітовтің туын­дысы «Үздік фильм» және «Үздік опе­раторлық жұ­­мыс» сынды екі аталымда ұсы­­нылған. Басты аталымда Жа­пониядан, Қытайдан, Грузиядан келген еңбектер­мен таласқа түседі. Олардың арасында биылғы Венеция кинофестивалінде Қазылар алқасының арнайы жүлде­сі­нің иегері атанған Рюсуке Ха­магутидің «Зұ­лымдық жоқ» ат­ты туындысы да бар.

Ал Дархан Төлегенов пен Асхат Кучинчиреков еңбек­тері «Үздік режиссер» және «Үздік жастар филь­мі» аталымдарына ілікті. Төле­генов қатыс­қан аталымда жо­­ға­рыда айтылған Хамагути мен 2023 жылғы «Сандэнс» және Бер­­лин кинофестивальдері­нің қаты­су­шысы Селин Сон да бақ сынап отыр. Сондық­тан тартысты бәсеке бол­ға­лы тұр. Отандық үш картина режиссерлардың дебюттік жұмыстары.

«Қаш» фильмінде қазақ дала­сын­дағы 30-жылдарда­ғы ашаршылық ке­­зіндегі ха­лықтың мехнатты ауыр тағ­­дыры көрсетіледі. Қабір қазушы Иса­тай өз ауылын құтқару үшін қауіпті мис­сияға барады. Бірақ жолда кезбе адам кездесіп, оны тура жолдан адас­тырады.

Айта кетейік, Айсұлтан Сейітов жаз­да Шанхай халық­аралық кинофес­ти­ва­­лінде осы жұмысы үшін «Үздік ре­жис­сер» аталымын жеңіп алған болатын.