Ұлытау облысында көмір әр тоннасына 13 700-19 500 теңге аралығында сатылып жатыр. Бағаның әркелкілігі, әрине, жол шығынына байланысты екені түсінікті.
Қазіргі кезде Жезқазған қаласында «Ferrit и К» ЖШС және «Көмір гарант» ЖШС жеткізіп жатқан көмірді негізінен Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының тұрғындары сатып алып жатыр. Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінде көмір «ПСВ 86» ЖШС арқылы таратылуда. Аудан шаруашылықтары мен Қаражал қаласының, Жәйрем кентінің тұрғындары үшін көмірді осы жерден алу қолайлы болып тұр.
Сондай-ақ «Шұбаркөл» АҚ мен аудан әкімшілігі арасындағы келісімге байланысты Шұбаркөл көмір кенішінен Ұлытау ауданының фермерлері үшін егер жергілікті билік олардың тізімін беретін болса, көмірдің әр тоннасы 9 мыңнан босатылады. Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин хабарлады.