• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Пікір 11 Қазан, 2023

Зорлық-зомбылық діннің ісі емес

244 рет
көрсетілді

Қазақстанға жылы және қамқор қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын. Астанаға екінші рет келіп отырмын. Шаһардың келбеті қатты әсер етті. Съезд хатшылығы жағымды және есте қаларлық оқиғаларға толы болды.

Бұл басқосудың мақсаты – өзара түсіністікке жәрдемдесу және әлемдегі бейбітшілік пен келісімге үлес қосу үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларын бірік­тіру. Израильде мыңдаған бейкүнә адамның, жазықсыз құрбандарды, балалар мен сәби­лерді жерлеу рәсімін ойлап, жүре­гім ауырып, көзіме жас алып сөйлеп тұрмын. Жақындарынан айырылып, жылап-сықтаған отбасылар көп. Олардың өмірі мен болашағы жойылды.

Шабуылды ұйымдастырушылар Ислам мен Құдай атын жамылып, дінге кір келтіргені анық. Ешбір дін және қандай да бір діни ілім мұндай кісі өлтіру әрекетін құптамайды және қолдамайды. Құдайды қорлау барлық дінге теріс әсер етеді, яғни бұл осында жиналғанның бәріне қатысты.

 

Жоель АДЛЕР,

Израильдің Бас Ашкенази раввинатының жеке кеңесшісі